The New $100 Note. Know Its Features. Know It's Real.

ttt

Баспасөзге арналған хабарлама - Қазанның 1, 2010

Loading...

Жедел таратуға арналған
Қазанның 1, 2010

Федаралды резерв басқармасы қайта жасалған 100 долларлы банкноттың шығу мерзімін кейінге қалдыруды жариялайды

Федералды резерв басқармасы Қазанның 1, қайта жасалған 100 долларлы банкноттың шығу мерзімін кейінге қалдыруды жариялады. Бұл жаңа дизайн, жалған ақша жасаушылыққа қарсы қазіргі заманға сай ең озық технологиялармен жасалған. Сондықтан, федералды резерв жүйесі, бүкіл әлемдегі АҚШ банкнотын қолданылушыларды, өте қатал тексеруден өткен, тек жоғары сапалы банкнотпен қамтамассыз етуге жүктеулі. Америка Құрама Штатының ою және басып шығару бюросы, федералды резерв жүйесінің банкноттарын басып шығару кезінде, кенеттен туындаған банкноттың бетіндегі қатпарға кезікті. Мұндай жағдай, банкнотты шығарар алдындағы жете жасалған тест кезінде байқалмаған. Соның салдарынан, федералды резерв жүйесі жоспарлаған мерзімге қарай, жаңа 100 долларлы банкноттарды керекті мөлшерде жасап шығаруға және оны таратуға үлгермейді.

Ою және басып шығару бюросы қазіргі уақытта осы мәселені шешуде және федералды резерв басқармасы жаңа дизайнды 100 долларлы банкноттың қай күні шығарылатынын тез арада хабарлауға тырысады. Банкноттың айналымға шығу мерзімі, ескі жоспар бойынша Ақпанның 10, 2011 болған.

Bookmark and Share
$100 Note